2021 жылдың басынан қараша айына дейін мемлекеттік бюджетке 9,6 триллион теңге салық түсімдері түскен. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Осылайша салық түсімдері бойынша жоспар 102,6% орындалған. Жоспар бойынша 9 385,7 млрд. теңге түсуі керек болатын. Алайда 241,9 млрд. теңгеге асыра орындаумен бюджетке 9 627,6 млрд. теңге түсті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 28,8%-ға яғни 2 155,6 млрд. теңгеге өскен.
Салық түсімдерінің өсуіне төмендегі факторлар әсер етті:
- Кейінгі 11 ай ішіндегі нәтижені өткен жылмен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларда бағаның өсуі байқалған. Оның ішінде мұнайға 70,9%, мысқа 54,1%, алюминийге 45,4%, мырышқа 33,4%, күміске 26,1%, қорғасынға 21,0% және алтынға 2,2%.
- Үшінші елдермен тауар айналымы 2021 жылғы қаңтар-қараша айларында 11,5% өсті.
- 2021 жылдың 11 айында өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда тауар айналымы 58,5% өсті
- Көрсетілген кезең ішінде бір салық төлеушіге онлайн бақылау-касса машинасынан орташа түсімі 11,5% өсті (41,1 млн. теңгеден 45,8 млн. теңгеге дейін).