Өкілетсіз президент: Молдавия президентінің өкілеттілігі тоқтатылды

0
91
дереккөзден

Молдавия конституциялық соты сейсенбі күні Игорь Додонның президенттік өкілеттілігін тоқтатты. Бұған себеп Додонның үкіметтің 7 жаңа мүшесін (5 министр, 2 вице-министр) тағайындау туралы қаулыға қол қоюдан қайыра бас тартуы болды. Заң бойынша, мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураларды бір рет қана мақұлдамауына болады.

Бұл Додонның биліктен екінші рет шеттелуі, деп жазады Euronews. Алғаш рет Конституциялық сот аталған шешімді қазанда президент қорғаныс министрінің кандидатурасын бекітпегенде шығарған еді.

Өз кезегінде Молдова Демократиялық партиясының вице-өкілі Сержиу Сырбу отырыстан кейін үкіметтің жаңа кандидатурасының келесі жұмада бекітілетінін айтты. С. Сырбудың айтуынша, елге тұрақты билік қажет және ол қызмет етуге міндетті. Болған жағдай президенттің жөнсіз бас тартуынан туындаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз