Украинада соғыс қаупіне байланысты төтенше жағдай жарияланды

0
242
Украина. Photo:ria.ru

23 ақпанда Украинаның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі Донецк және Луганск облыстарынан басқа Украинаның барлық аумағында төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Украинская правда сайты хабарлады.

Ендігі бұл шешімді Украинаның жоғарғы парламенті бекітуі керек. Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Данилов төтенше жағдайға байланысты шектеулер аймақтарға байланысты өзгеретінін түсіндірді. Донецк және Луганск облыстарына қатысты ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы бұл жерде төтенше жағдай енгізу мүмкін емес екенін, бірақ соғыс қимылдары жүріп жатқандықтан төтенше жағдай режимі қазірдің өзінде бар екенін түсіндірді. Бұдан бөлек Данилов төтенше жағдай 30 күнге енгізілгенін нақтылады.

Ресей Федерациясы, Луганск пен Донецк халық республикаларының тәуелсіздігін мойындауына байланысты кейінгі күндері Украина мен Ресей арасындағы жағдай ушығып кетті. Әлемдік БАҚ беттерінде Луганск және Донецк облысының аумағында күн сайын снарядтар жарылып, оқ атылып жатқаны хабарланады. Алайда екі ел тарапынан да ашық түрде соғыс басталғаны туралы ресми мәлімдеме жасалынбады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз