Путин Донбаста арнайы операция бастауға бұйрық берді

0
428
Ресей президенті Владимир Путин.

Бейсенбіге қараған түні Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттік телеарналардан мәлімдеме жасап, Ресей армиясының Украина әскерімен соғысатынын хабарлады.

“Мен арнайы әскери операция бастау туралы шешім қабылдадым. Оның мақсаты – сегіз жыл бойы Киев қорлық көрсетіп, геноцид жасап келген адамдарды қорғау. Бұл үшін біз Украинаны демилитаризация мен денацификация жасауға, оған қоса бейбіт тұрғындарға, соның ішінде Ресей федерациясы азаматтарына да қарсы көптеген қанды қылмыс жасағандарды сотқа тартуға тырысамыз” деді Путин.

БАҚ Украинаның кейбір қалаларында жарылыс болғанын хабарлап жатыр.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 24 ақпанда таңертең елшілік қызметкерлерін эвакуциялау мәселесін қарастырып жатқанын айты.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанның консулдығында уақытша тіркеуде 517 адам, тұрақты тіркеуде 1113 адам тұр. Олар негізінен Киев қаласы, Киев, Одесса, Харьков, Львов облыстарында тұрады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз