Министр: Жоғары білім беруде онлайн оқыту формасы енгізіледі

0
436
photo: vogazeta.ru

9 наурызда білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғары оқу орындарында оқытудың онлайн түрі енгізілетінін хабарлады. Бұл туралы министр телеграм парақшасында жариялады.

Бүгін, парламент мәжілісінің жалпы отырысында, екінші оқылымда маңызды нормаларды көздейтін заң жобасы қабылданған.

“Енді ЖОО-лар оқытудың онлайн түрінде белгілі бір оқыту бағыттары бойынша кадрларды дайындай алады. Бұл – заман талабы. Бұл ретте біліктілік талаптарына сәйкес оқытудың белгілі бір бағыты бойынша (прокторинг, ақпараттық жүйе, цифрлық контент, кадрлар және т. б.) жеке лицензия алу міндетті болады”- делінген хабарламада.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз