Тоқаев жолдауында қандай ұсыныстар айтты?

0
341
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Photo: Video screen/live video

16 наурыз күні парламенттің бірлескен отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президенттің жақын туыстарына мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор саласында басшы қызметін атқаруға заңмен тыйым салынуы қажет деді.

Халыққа жолдауында ол президентке шамадан артық өкілет беруден бас тарту қажеттігін айтып, мұндай жүйе тиімділігін жоғалтты деді.

Жолдауда айтылған ұсыныстар:

  • Президенттің қандай да бір партияға мүше болмауын заңмен бекіту;
  • Орталық сайлау комиссиясы, конституциялық кеңес мүшелері және әкімдерге де партиядан шығару ұсынылды;
  • Президентті аудан және ауыл әкімдерін тағайындау құқығынан айыру;
  • Президент сенаттағы 15 емес, 10 депутатты тағайындауы керек;
  • Мәжілістегі халық ассамблеясы атынған сайланған депутаттар сенатқа көшіріліп, саны 9-дан 5-ке дейін азаяды.
  • “Республикалық бюджеттің сапалы орындалуын бақылауды” күшейту мақсатында Есеп комитетінің орнына Жоғары аудиторлық палата құрылады;
  • Партияларды тіркеу үшін қажет қолдар саны 20 мыңнан 5 мыңға дейін азаюы қажет, ал партия құру үшін бастама топ кемінде 700 адамнан (қазір 2 мың) құралуы тиіс;
  • Конституциялық сот құру.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз