Нұр-Сұлтанда халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі ашылды

0
241
AgriTek/FarmTek Astana 2022 көрмесіне қойылған техникалар.

16 наурыз күні Нұр-Сұлтанда AgriTek/FarmTek Astana 2022 халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесінің ашылуы өтті.

17-рет ұйымдастырылып жатқан көрмеге ауыл шаруашылығы жабдықтары, автомобиль және техникалардың жаңа үлгілері, қосалқы бөлшектер,суару және тыңайту технологиясы,тұқымдар, екпелер, тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғау құралдары көрсетіледі.

Көрмеге жыл сайын 4 мыңнан астам фермер және ауыл шаруашылығы мамандары қатысады.

Айта кетейік, көрмеге әлемнің 11 елінен келген компаниялар өз өнімдерін ұсынды. Олардың қатарында Беларусь, Болгария, Ұлыбритания, Германия, Қытай, Ресей, АҚШ, Түркия, Украина және Чехиядан 150-ден астам компания бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз