Kazagro/Kazfarm-2022 көрмесіне қатысушы компаниялар өнімдерінің тиімді тұстарымен бөлісті

0
256

16 наурыз күні 150-ден астам компанияның қатысуымен Kazagro/Kazfarm – 2022 халықаралық аграрлық көрменің ашылуы өтті.

Көрмеге ауыл шаруашылығы техникалары, комбаин және трактор, егістік суаратын техникалар, тұқымдар, екпелер, тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғау құралдары қойылған. Көрмеге қатысушы компаниялар өз өнімдерінің тиімділігі және артықшылықтарымен бөлісті.

Дарын Мақаш
Америкалық Valley компаниясының сату жөніндегі директоры

– Егістік суаратын технология жасайтын Valley компаниясы 1953 жылы АҚШ-та құрылған. Қазақстандағы зауытты Алматыда 2024-2025 жылдары салып, бітіруді жоспарлап отырмыз. Бұған мемлекет 50 миллион доллар қаржы бөлді. Негізі бір зауыттың шығарған өнімі Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжанды секілді бірқатар мемлекетті егістік суаратын құрылғымен қамтамасыз ете алады. Негізі жыл сайын су тапшылығы артып келеді. Ал су азайса, құрғақшылық болатыны белгілі. Біз жасап жатқан технология құрғашылықтың алдын алып суды үнемдеуге көмектеседі. 

Валентина Сараева
Ресейлік «Эконива» компаниясының сату бөлімінің аға менеджері

– «Эконива» компаниясы Ресейде мал және егін шаруашылығымен айналысатын ең үлкен компания.  Біздің компания Қазақстанда 2016 жылдан бері жұмыс істеп келеді.  Жыл сайын біз 80 000 тоннаға жуық жоғары сападағы сертификатталған тұқым сатамыз. Ал Қазақстанға сапалы бидай, тұқым, арпа ұсынамыз. 

Сания Махметова
Kazrost компаниясының маркетологы 

Kazrost компаниясы Көкшетау қаласында орналасқан.  Біз осы жылдың күзінде жаңа техникаларды шығаруды жоспарлап отырмыз.  Қазіргі  кезде трактор және комбаин жасау – отандық өнеркәсіптің қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Болашақта 3-4 класты астық жинау комбайндары мен тракторлар шығару жоспарда бар. 

Kazagro/Kazfarm – 2022 халықаралық аграрлық көрмесі Қазақстанда 17-рет ұйымдастырылып отыр. Көрмені 16-17 наурыз күндері Нұр-Сұлтандағы «EXPO» халықаралық көрме орталығынан аралап көруге болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз