Қытайда 132 жолаушы мінген ұшақ апатқа ұшырады

0
578
China Eastern Airlines ұшағы.

21 наурыз күні Қытайдың China Eastern Airlines әуе компаниясының Куньминнен Гуанчжоуға ұшып шыққан MU5735 рейсі таулы аймақта апатқа ұшырады. Бұл жөнінде қытайлық CCTV телеарнасы хабарлады. 

Қытай авиация комитетінің мәліметінше, Boeing 737 ұшағында 132 адам болған. Оқиға аймағынан түсірілген фото мен видеолардан соң кейбір басылымдар ешкім аман қалмауы мүмкін деп жатыр. Қазірге дейін адам шығыны мен апат себебі айтылмады.

ССTV телеарнасы ұшақ апатқа ұшыраған таулы аймаққа құтқарушылар жіберілгенін де мәлімдеді.

Flightradar24 дерегінше, Boeing 737 ұшағы алты жылдан бері жолаушы тасымалдап жүрген. China Eastern Airlines ұшағы Қытай уақытымен Куньминнен 13:11 ұшып шығып, Гуанчжоуға 15:05-де қонуы тиіс болған. Ал Flightradar24 сайтындағы ұшақтың дерегі 14:22-де үзілген.

Қытайдың CGTN телеарнасы апат аймағынан алғашқы фотоларды да жариялады.

Осы апаттан соң China Eastern Airlines әуе компаниясының ресми сайтының интерфейсі қара-ақ түске өзгерді.

Қытай жолаушылар авиациясы кейінгі он жылда әлемдегі ең қауіпсіз индустрия еді. Бұл елде соңғы рет ұшақ апаты 2010 жылы болған. Henan Airlines әуе компаниясының ұшағы Ичунь әуежайында апатқа ұшырап, борттағы 96 адамның 44-і қаза тапқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз