АҚШ президенті Джо Байден 23 наурыз күні кешке Бельгия астанасы Брюссельге НАТО-дағы одақтастарымен Украинадағы соғысты талқылауға келді.
Украинадағы соғыс екінші айға ұласқан тұста АҚШ президенті Джо Байден Брюссельде одақтас елдердің басшыларымен Ресейге қарсы экономикалық қысымды күшейту мәселесін талқылайды.
Бейсенбі, 24 наурыз күні ол НАТО-ның төтенше саммитіне, “Үлкен жетіліктің” жиынына және Еуроодаққа мүше 27 елдің саммитіне қатысады. Күн соңында баспасөз мәслихатын өткізеді.