4 ақпанда білім және ғылым министрлігі мектептерге 1-сыныпқа балаларды қабылдау үшін ата-аналардан 13 мыңнан астам электрондық өтініш келіп түскенін хабарлады.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін балаларды мектепке қабылдау қызметі автоматтандырылған және eGOV.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Автоматтандырылған жүйенің басты артықшылығы – барлық процестердің айқындығы, максималды ашықтық және қолдануға ыңғайлы жағдай жасау.
Естеріңізге сала кетейік, балалар 1-сыныпқа ата-анасының немесе білім алушының заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады.
Қажетті құжаттар:
– Баланың туу туралы куәлігі;
– 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
– 065/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
– 3х4 көлеміндегі фотосурет.