Мысырдың оңтүстігінде орналасқан Луксор туристік аймағында туристер мінген әуе шары жерге құлады.
АҚШ-тың бір азаматы қаза тауып, жеті адам жараланды. Зардап шеккендер жергілікті ауруханаға жеткізілген, деп жазады Vesti.ru.
Мысырлық «Әл-Ахрам» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, апат қатты желдің салдарынан болған.
Дегенмен, бұл Луксорда орын алған алғашқы жағдай емес. Мәселен, 2013 жылдың 26 ақпанында «Патшалар алқабыны» үстінде шар 300 метрлік биіктікте өртеніп, кейіннен жерге құлаған. Сол сәтте шарда 21 турист болған, олардың 19 қаза тапқан. Әуе шарына мінгендер арасында Гонконг, Жапония, Ұлыбритания, Бельгия, Франция және Мысыр азаматтары болған, деп еске салады РИА Новости.