«Элеанор» дауылы Францияда үш адамның өмірін жалмады

0
90

Францияда «Элеанор» дауылының салдарынан үш адам қаза тауып, ондаған адам жарақаттанды.

Жергілікті синоптиктер дауылдың салдарынан Альпі тауларында қатты қар көшкінінің түсуін болжайды. Метеорологиялық қызметтердің мәліметтері бойынша, желдің екпіні сағатына 120-140 км-ге дейін жетеді. Қысқы курорттарға баратын жолдардың барлығы жабық.

Euronews-тің мәліметінше, «Элеанор» дауылы Францияда соңғы айда соққан төртінші апат. Бұған дейін елді елеулі су тасқына әкелген «Кармен» дауылы соғып өткен болатын.

Айта кеткен жөн, «Элеанор» Францияда осы аптаның басынан бері дауылдатып тұр. Дүлей дауылмен қоса нөсер құйып, кейбір ауданды су басқан. Табиғаттың тосын мінезіне байланысты елдің 50-ге жуық департаментінде қауіптіліктің қызғылт-сары деңгейі жарияланды. Бірқатар әуе сапары кейінге шегіріліп, 200 мыңға жуық тұрғын электр қуатынан ажыратылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз