21 сәуірде грек-рим күресінен ұлттық құрама Азия чемпионатында топ жарып, жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленді. Бұл туралы спорт министрлігі хабарлады.
Жарыстың екінші күнінде қазақстандық Мейіржан Шермаханбет 67 келі салмақта алтын медаль иеленсе, Диас Кален, Абылайхан Әмзеевтер күміс жүлде иегерлері атанды. Ал Ернұр Фидахметов чемпионаттың қола жүлдесін жеңіп алды.
Осылайша спортшыларымыз командалық есепте 180 ұпаймен Иран (151 ұпай) мен Қырғызстанды (131 ұпай) артқа тастап, бірінші орынға шықты.