Тоқаев Қазақстанның Таиландтағы төтенше және өкілетті елшісін ауыстырды

0
300
photo: tengrinews.kz

21 сәуірде президент өкімімен Арман Асқарұлы Исетов Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Бүгін Тоқаев жарлығымен бірнеше шенеуніктердің қызметі ауысты. Нақтылап айта кетер болсақ:

  1. Раушан Кәкімсейітқызы Есболатова Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Мьянма Одағы Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.
  2. Таиланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елші лауазымына Арман Асқарұлы Исетов тағайындалды.
  3. Жәнібек Абдуләкімұлы Иманалиев қжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы тұрақты кеңестегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі лауазымынан босатылды
  4. Марат Зеникенұлы Сыздықов ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі болып тағайындалды. Ол осыған дейінгі қызметі Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
  5. Ермұхамбет Болатпекұлы Қоныспаев Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз