Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының орынбасары ауысты

0
302
photo: ru.sputnik.kz

21 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасының орынбасары етіп Сарқұлов Ұлан Серікұлын тағайындады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Президент бұрынғы орынбасар Мақсат Аманқұлұлы Қожабаевты қызметінен босатып, орнына Ұлан Сарқұловты тағайындады. Бұл туралы Ақорда сайтында:

“Мемлекет басшысының өкімімен Мақсат Аманқұлұлы Қожабаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды”

“Мемлекет басшысының өкімімен Ұлан Серікұлы Сарқұлов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды”- делінген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз