Тоқаев: Мемлекеттік күзет қызметі нағыз патриоттардың ұжымы

0
352
photo: akorda.kz

21 сәуірде президент мемлекеттік күзет қызметінің жұмысымен танысып, кейін 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысқан. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Мемлекет басшысы бұл құрылымның ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінде аса маңызды рөл атқаратынын, күзет қызметкерлеріне айрықша жауапкершілік жүктелгенін атап өткен.“Ел басшылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, стратегиялық нысандарды, сондай-ақ шетелден келген мәртебелі меймандарды қорғау оңай жұмыс емес. Сіздер осы міндетті абыроймен атқарып келесіздер. Бұл 30 жыл ішінде қалыптасқан игі дәстүр, сабақтастық екені сөзсіз. Бүгінде күзет қызметінің әлеуеті орасан зор. Жауынгерлік техникалық және жедел әрекет ету мүмкіндіктері мол. Шын мәнінде, мемлекеттік күзет қызметін нағыз патриоттардың ұжымы деуге болады. Ең жауапты сәтте Отан үшін аянбай, адал қызмет етіп келесіздер,” – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президет сала қызметкерлерінің еңбегіне табыс тілеп, бірқатарын мемлекеттік наградалармен марапаттаған. Атап айтқанда І және ІІ дәрежелі «Айбын» ордендері, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдары табысталып, президенттің алғысы жарияланған.

Қасым-Жомарт Тоқаев марапаттау рәсімінен кейін мерекелік концертті тамашалаған.

photo: akorda.kz
photo: akorda.kz
photo: akorda.kz

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз