Американың солтүстік-шығысын қар мен суық басты

0
379
People struggle against wind and snow as they cross 125th street in upper Manhattan. REUTERS/Mike Segar

Жер шарының солтүстік бөлігін қар мен суық басты.

Бұл мезгіл үшін қолайсыз ауа райы, әсіресе, Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) солтүстік-шығыс бөлігі мен Канада тұрғындарын әбігерге салды. Метереологтар “Bomb cyclone” немесе «жарылғыш циклон» деп атаған полюстан ығысқан суықтың әсерінен АҚШ пен Канаданы қар басып қалды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлайды.

Нью-Йорк пен Бостонда жауған қар көлік қозғалысын шектеп тастады.

Американың Associated Press (AP) агенттігі АҚШ-тың шығыс аймақтарын шарпыған суықтың кесірінен, кем дегенде, 17 кісі мерт болғанын хабарлайды.

Аэропорттарда мыңдаған рейстер шегерілді. Метеорологтар аймақ тұрғындарын, мәжбүр болмаған жағдайда, қалалар арасы сапарға шықпауға шақырды.

Осы демалыста төменгі температуралық рекордтың жаңаруы мүмкін екені туралы ескерту жасалды.

Американың шығыс аймағы мен Канадада тұратын 60 миллионға жуық азаматтың шарасыз күй кешіп жатқаны жайлы айтылды.

Нью-Йоркта бейсенбі күні мектептер демалысқа жіберілді. Күн райы минус 5 градустан да төмен, қатты жүйткіген желден бұл температура одан да суық сезіледі.

Полюстен келген суық Американың оңтүстік бөлігіне де қар алып келді. Мысалға, Флорида штатының астанасы Таллахассиде соңғы 29 жылда алғаш рет қар жауды.

Метеорологтар алдымыздағы күндері жауған қар қалыңдығының Джорджия штатында 5-10 см, Солтүстік Каролинада 8-14 см-ге жететіндігін ескертеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз