Қазақстан Орталық Азия студенттеріне “Әл-Фараби” стипендиясын тағайындайды

0
224
Орталық Азия елдері ректорларының форумы.

12-13 мамыр күндері Алматы қаласында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Орталық Азия елдері ректорларының форумы өтті.

Жиынға ОА елдерінің министрліктерінен жауапты тұлғалар мен университеттерінен 130-дан астам өкіл қатысып, бірқатар мәселелер талқыланды.

Қазақстан білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов форумға онлайн қатысты.

“Негізгі мақсат – өңірлік деңгейде ынтымақтастықты нығайтып, аймақта біртұтас кеңістік құруға мүмкіндік беретін Орталық Азия жоғары білім аймағын құру”, – деді Қазақстан білім-және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.  

Министр Қазақстанның «әл-Фараби» атындағы стипендия бағдарламасын іске қосып, Орталық Азия елдерінің азаматтарына квота бөлуге дайын екенін хабарлады. Сондай-ақ, биыл Қазақстан Чехиямен бірге Болон процесін Басқару тобына (BFUG) тең төрағалық етіп жатқанын да атап өтті.

Форумда Орталық Азия ЖОО-ларының Альянсын құру туралы Меморандум қабылданып, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан университеттері арасында екіжақты келісімдерге қол қойылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз