6 маусым күні футболдан Ұлттар Лигасының екінші турында Қазақстан құрамасы қонақта Словакия ойыншыларынан басым түсті.
Словакияның Трнава қаласындағы өткен ойын 1:0 есебімен аяқталды. Матчтың 26-минутында Аслан Дарабаев жеңіс голының авторы атанды.
Қазақстан бірінші турда өз алаңында Әзербайжан құрамасын жеңген еді. Ұлттық құрама үшінші турда 10 маусым күні Беларусь құрамасына қарсы ойнайды.
Қазір Қазақстан С лигасының үшінші тобында 6 ұпаймен көш бастап тұр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram