Қазақстан вакцинация паспорты мен ПТР-тест талабын алып тастады

0
238
Вакцина паспорты. Photo: strategy2050.kz

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі хабарлады.

Комиссия жұмысына мемлекеттік органдардың, “Атамекен” ҰКП өкілдері және өңірлердің басшылары қатысты.

Елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, ведомствоаралық комиссия келесідей шешімдер қабылдады:

Бірінші, осы жылдың 8 маусымынан бастап ҚР азаматтары мен шетелдіктерге Қазақстан шекарасынан өту кезінде ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын (COVID-19-ға қарсы вакцинациялау туралы паспортты/ сертификатты/ анықтаманы) құжатпен растау бойынша, ал олар болмаған кезде ПТР әдісімен COVID-19 зерттеуінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсыну міндетті талабын алып тастауды;

Екініші, елдің 7 өңірдегі мемлекет шекарасының жекелеген учаскелерінде уақытша жабылған 12 автомобиль өткізу пункттерінің жұмыс істеуіне тыйым салуды алып тастау.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз