Украина Жоғарғы радасы қоғамдық орындар мен медиада Ресей музыкасын пайдалануға тыйым салатын заң қабылдады. Бұл жөнінде RFE/RL қазақ қызметі хабарлады. 

Заң Ресей әншілерінің туындыларын және Ресейдің Украинаға агрессиясын қолдаған авторлар мен әншілердің музыкалары мен әндерін қоғамдық орындарда пайдалануға тыйым салады. Бұл тыйым – агрессия тоқтап, Украина жері түгел азат етілгенше жалғасады.

Сөз – орыс тіліндегі әндер жөнінде емес, Ресей авторларының туындылары туралы болып отыр. Украина Ресей агрессиясын жұрт алдында айыптаған музыканттар тізімін жасамақшы, олардың туындыларына тыйым салынбайды.

Украина Жоғарғы радасы Ресей мен Беларусь және Украинаның Ресей басып алған аумақтарынан баспа өнімдерін Украина жеріне таратуға да тыйым салған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз