Өлім көрсеткіші рейтингінде Қазақстан 229 елдің ішінде 85-орында тұр

0
462
Photo: Screenshot/Rating.kz

Осы жылға арналған елдердің өлім көрсеткіші рейтингінде Қазақстан 229 елдің ішінде 85-орында тұр. Рейтинг 1000 адамға шаққандағы өлім көрсеткіші негізінде анықталады. Қазақстан коэффициенті 8,11 болған.

Ең жоғары көрсеткіш Сербия, Румыния және Литвада болса, рейтингтің астында Катар тұр.

undefined

Биыл жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, ҚР-да 69,2 мың адам қайтыс болды, бұл былтырғыдан 9,6% аз.

Өңірлер бойынша қайтыс болу көрсеткіші Алматы облысында ең көп: 7,4 мың адам, былтырғыдан 8,9% аз. Одан кейінгі орында Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстары. Ал ең жақсы көрсеткіш Маңғыстау облысында: 1,5 мың адам, былтырғыдан 9% аз.

Айта кетерлігі, биыл астанадан басқа барлық өңірде қайтыс болу саны айтарлықтай азайған.

undefined

Ресми деректерге сәйкес, Қазақстандағы қайтыс болу себептерінің ең жиі кездесетіні қан айналымы жүйесінің аурулары. Бұл сырқаттан 15,6 мың адам қайтыс болды, көрсеткіш былтырғыдан бірден 15,7% азайған.

Одан кейінгі орындарда жаңа ісіктер мен тыныс алу органдарының аурулары. Бұл сырқаттардың әрқайсынан шамамен 6,7 мың адам қайтыс болды. Одан бөлек өлімге себеп болатын ең көп таралған сырқаттардың қатарында жазатайым жағдайлардан, уланудан және жарақаттар, сонымен қатар ас қорыту органдарының аурулары бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз