13-14 қазан күндері халықаралық форумдарға байланысты Астана қаласындағы оқушылар екі күн онлайн оқиды. Бұл жөнінде қалалық білім басқармасы хабарлады.
“Елордада 13-14 қазанда шет мемлекеттер мен үкімет басшыларының қатысуымен ірі халықаралық форумдардың өткізілуіне байланысты қала жолдарының кейбір учаскелерінде қозғалыс уақытша ішінара шектеледі. Бұл тәжірибе көптеген елде осындай ірі іс-шаралар кезінде қолданылады. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, оқушылар мен ата-аналарға ыңғайлы болу үшін 13-14 қазанда меншік нысанына қарамастан қала мектептеріндегі сабақтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылады”, – делінген хабарламада.