Ресей әскери күштері Украина қалалары мен елді мекендеріндегі азаматтық инфрақұрылымдарды атқылауын тоқтатқан жоқ. Украина президенті Владимир Зеленский елдің шығысындағы стратегиялық Бахмут қаласында украин күштері ресейліктердің шабуылына тойтарыс беріп жатқанын мәлімдеді.
Украина қарулы күштерінің бас штабы 16 қазанда таңертең орыс әскері соңғы 24 сағатта Украинадағы 30-дан астам қала мен елді мекенге соққы жасап, 5 зымыран ұшырып, 23 рет әуе шабуылын ұйымдастырғанын, 60 рет зымыранмен атқылағанын айтты.
Украин күштері жауап ретінде 32 соққы жасап, 24 ресейлік зымыранды атып түсірген. Украин күштері соғыс басталғалы бері жеті аптадан соң елдің солтүстік-шығыс, шығыс пен оңтүстігінде контршабуылға көшіп, Ресей әскері позициясынан айырылған
15 қазан күнгі видеомәлімдемесінде Зеленский украин күштері елдің шығысындағы Бахмут қаласын ресейліктердің қайта-қайта шабуылына қарамастан бақылауда ұстап тұрғанын айтты. Ал Донбасс аумағында жағдай күрделенген.