Халықаралық олимпиада жеңімпаздары 73 млн теңге сыйақы алды

0
233
фото: gov.kz

Халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаз 27 оқушысы 73 млн теңгеден астам қаржы алды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Олардың ұстаз-тәлімгерлері де біржолғы ақшалай төлемдер алған.

Қазақстандық оқушылар олимпиадаларға қатысу тарихында алғаш рет ақшалай сыйақыға ие болды. Сондай-ақ 27 медаль иегері еліміздің жоғары оқу орындарында тегін оқуға мүмкіндік алады. Оқушылар білімдері арқасында тапқан сыйақыны қалай жұмсауды жоспарлап отырғандарымен бөлісті.

“Биыл осындай беделді олимпиадаға алғаш рет қатыстым. Оған көп дайындалдым. Географиядан қатысқан олимпиадада жеңіске жеткенім үшін алған ақшамның бір бөлігін депозитке салуды жоспарлап отырмын. Қалғанын ата-анама беремін. Мұндай ақшалай марапаттар бізге үлкен ынта-жігер, мотивация береді, келесі жылы бәсеке бұдан да жоғары болатынына сенімдімін. Алдағы жылы осы олимпиадаға тағы да қатысқым келеді”, – деді географиядан халықаралық олимпиаданың (IGeO) алтын жүлдегері Санжар Хамитов.

Министрлік халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарына 1,5 млн-нан 4,5 млн теңгеге дейін сыйақы тағайындаған.

2022 жылы ұлттық құрама ел қоржынына 3 алтын, 15 күміс және 9 қола медаль әкелді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз