Бразилиядағы президент сайлауында бұрынғы президент Луис Инасиу Лула да Силва сайлаудың екінші турында елдің қазіргі президенті Жаир Болсонаруды жеңді. Сайлау қорытындысын Жоғары сайлау сотының сайты жариялады.
Қазіргі уақытқа дейін дауыстың 99 пайызы саналған. Лула да Силва 50,8 пайыз, Болсонару — 49,2 пайыз дауыс алған.
Солшыл Еңбекшілер партиясының негізін қалаушы 77 жастағы Лула да Силва Бразилияны 2003 жылдан 2011 жылға дейін басқарып, екі рет президент сайлауында жеңген. 1989, 1994 және 1998 жылы да президент сайлауына түсіп жеңілген. 2018 жылы “жемқор” деген айыппен сотталған, былтыр наурызда сот үкімі күшін жойған.
Бразилия Силва басқарған кезеңде Ресей, Қытай, Үндістан және Оңтүстік Африка республикасымен бірігіп экономикалық БРИКС ұйымын құрған.