Өткен жылы елімізде шамамен 86 миллион 200 мың тонна мұнай өндірілген.
Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 2017 жылдың нәтижесі бойынша елімізде өндірілген мұнай көлемінің шамамен 86 миллион 200 мың тоннаға жеткенін айтты. Сонымен қатар, өткен жылы мұнай өндірісінде тәуелсіздік тарихында рекордтық көрсеткіштің орнағанын жеткізген Т.Сүлейменов 2018 жылы өндіріс көлемінің бұл деңгейден артпаса, түспейтінін мәлімдеді. Ведомство басшысы, сондай-ақ 2016 жылы 78 миллион тонна мұнай өндірілгенін еске салды.
-2017 жылы ел экономикасы 4%-ға артты
Министр Сүлейменов 2016 жылы 1 %-ға ғана артқан ел экономикасының (2016 жылдың күзінде) мұнай өндірісінің арттырылуына байланысты былтыр жалпы ішкі өнім көрсеткіші бойынша 4%-ға артқанын атап өтті.
-‘ОПЕК шешіміне қосылу қиындап барады’
2016 жылдың 30 қарашасында Австрия астанасы Венада өткен ОПЕК-тің (Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы) тарихи форумунда күндік өндіріс көлемін 1,2 миллион баррельге азайтып 32,5 миллион баррель көлемінде сақтауға келіскен болатын.
Қазақстан, 2016-ның қазанында Қашаған мұнай кешенінің қайтадан іске қосылуына байланысты, ОПЕК мүшелері және ұйымға кірмейтін мұнай экспорттаушы елдермен күндік өндірісті тек 20 мың барель көлемінде ғана азайту туралы мәмілеге келген еді.
Reuters агенттігі Қашағанмен қатар Теңіз кешенінде де өндіріс көлемінің кеңейтілуіне байланысты Қазақстанның ОПЕК шешіміне қосылуы күн өткен сайын қиындап бара жатқанын келтіреді.
Солтүстік Каспий жобасы шеңберінде Қашаған кенішін NCOC консорциумы игеріп келеді. Оның акционерлері: AgipCaspian Sea B.V. (16,81%), KMG Kashagan B.V. (16,81%),ConocoPhillips North Caspian Ltd. (8,4%), ExxonMobil Kazakhstan Inc. (16,81%), Inpex NorthCaspian Sea Ltd. (7,56%), Shell Kazakhstan Development B.V. (16,81%) және Total EP Kazakhstan (16,81%).
Теңізшевройл немесе ТШО (ағылш. Tengizchevroil, TCO, орыс. Тенгизшевройл, ТШО) — Қазақстандағы мұнай-газ өндіретін бірлескен кәсіпорын. 1993 ж. ҚР Үкіметі мен Шеврон корпорациясы арасында 40 жылға жасалған шарт бойынша құрылған және осы шарт бойынша Теңіз және Королев кен орындарын игеру жөнінде келісімге келген. Қазіргі кезде кәсіпорынға: Шеврон (50%), ЭксонМобил (25%), ҚазМұнайГаз (20%), ЛукАрко (5%) компаниялары енеді.