Перуде 7.3 балдық жер сілкінісі болды

0
210
дереккөзден

Перу жағалауында 7.3 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы РИА Новости Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Геологиялық қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жер асты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша 4.18 Акари кентінің оңтүстік-батысынан 31 шақырым, Яука қаласынан 19 шақырым жерде тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан.

АҚШ-тың Тынық мұхиттағы цунами қаупін ескерту орталығы Перу жағалауындағы жоғары көрсеткіштегі жер сілкінісінен кейін цунами қаупі болуы мүмкін деп ескертеді.

Ескерту хабарламасында «Перу жағалауының кейбір бөліктерінде қауіпті цунами толқындары бар деп болжануда. Теңіз деңгейінен 0.3-тен 1 метрге дейін көтерілуі ықтимал», – делінген.

Жер сілкінісінен кейін адам шығыны туралы мәлімет жоқ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз