Мұнай-газ саласында бизнеске қойылатын 800-ге жуық артық талап қысқарады

0
109
фото: Pixabay

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысында мұнай-газ саласында бизнеске қойылатын артық талаптар қысқартылатыны айтылды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Премьер-Министр мұнай-газ саласына қосымша инвестициялар тарту үшін Жақсартылған модельдік келісімшартты қолдануды жеделдету және бизнеске әкімшілік қысымды төмендету бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігін жеткізді.

“Жақын арада мұнай-газ саласы бойынша 800-ге жуық түрлі артық талаптарды қысқарту жоспарлануда. Бұл шаралар бизнес-қоғамдастықпен және “Атамекен” Ұлттық палатасымен тығыз байланыста қабылдануда. Үкімет бұдан әрі де осындай сындарлы негізде жұмыс істеуге дайын”, – деді Премьер-Министр.

ОПЕК деректері бойынша, Қазақстан бүгінде мұнайды ТОП-10 экспорттаушының қатарына кіреді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз