Әлемде туу көрсеткіші бес жылдан бері төмендеп келеді

0
159
Photo: inform.kz

2021 жылы БҰҰ мәліметінше, әлемде 134 млн адам дүниеге келген, бұл бір жыл бұрынғыдан 0,9% аз. Көрсеткіш 2017 жылдан бері бес жыл қатарынан төмендеп келеді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Алайда мамандардың болжамынша, алдағы жылдары әлемде туу көбейіп, 2040 жылға қарай 138,5 миллион адамға жетеді. Бұдан ары көрсеткіш төмендеп, 2100 жылы 111,5 млн болмақ.

Толығырақ айтсақ, алдағы жылдарда жағдай мынадай болады: 2030 жылы 136 млн адам, 2040 жылы — 138,5 млн адам, 2050 жылы — 135,7 млн адам, 2060 жылы — 130,6 млн адам, 2070 жылы — 127,7 млн адам, 2080 жылы — 122,7 млн адам, 2090 жылы — 116,7 млн адам, 2100 жылы — 111,5 млн адам дүниеге келмек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз