Марибор қаласында өткен ойын 3:3 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасынан Альберт Ақбалықов, Дәурен Тұрсағұлов және Тайнан көзге түссе, алаң иелерінен Жиго Чех, Игор Осредкар және Тео Турк мергендік танытты.
Қазақстан құрамасы 10 ұпаймен өз тобын бірінші орынмен аяқтады. Бұған дейін қазақстандықтар Словенияны 2:0, Черногория құрамасын 5:1 және 7:0 есебімен жеңген болатын.
Элиталық кезеңнің жеребе тарту рәсімі 5 шілде күні өтеді.