Күнделікті серуен ерте өлімнің алдын алады – Зерттеу

0
136
фото: Pixabay

Ұлыбританияда жүргізілген зерттеуге сәйкес, жаттығудың пайдасын сезіну үшін жүгіру немесе спортпен шұғылдану қажет емес – ол үшін жай ғана серуендеу жеткілікті. Күніне 11 минут спортпен айналысу 10 мезгілсіз өлімнің біреуінің алдын алатыны белгілі болды, деп хабарлайды kazaknews.kz.

Зерттеуде жаттығуды аптасына кем дегенде 150 минут уақыт орындау ұсынылған. Алайда, адамдардың көпшілігі бұл ұсыныстарды орындамайды.

Ұлттық денсаулық сақтау қызметі (National Health Service, NHS) ересектерге аптасына 150-300 минут орташа немесе аптасына 75-150 минут белсенділікті ұсынады.

Дене қызметінің белсенділігінің пайдасы туралы зерттеулерді талдау нәтижесінде аптасына 75 минутқа немесе күніне 11 минутқа сәйкес келетін ұсынылған көлемінің жартысын жасаудың өзі жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығудың 20 жағдайының бірін және қатерлі ісік ауруына шалдығудағы 30 жағдайдың бірін алдын алуға болатынын көрсеткен.

Күнделікті өмір салтына велосипед айдау, жылдам жүру, серуендеу немесе би билеуді қосуға болады. Нәтижелер көрсеткендей, бұл физикалық белсенділік жүрек ауруы мен инсульт қаупін 17% және қатерлі ісік ауруын 7% төмендетуге жеткілікті.

Тұрақты жаттығулар денедегі майды азайтып, қан қысымын төмендетеді, сонымен қатар ұйқыны және жүрек жұмысын жақсартады. Жаттығу жасау қатерлі ісік ауруын емдеуде де өте тиімді екені атап өтілген.

Жүйелі түрде жаттығу жасау үшін адамдарға кейбір әдеттерін өзгерту керек. Мысалы, мамандар жұмысқа немесе дүкенге жаяу немесе велосипедпен жүруге, балалар немесе немерелермен белсенді ойын ойнауға кеңес береді.

Ұлттық денсаулық сақтау қызметі ересектерге бұлшықетті нығайту үшін аптасына екі рет жаттығу орындауды ұсынады. Йога, пилатес, кір тасын көтеру, бау-бақша, азық-түлік дүкеніне жаяу бару да адам денсаулығына жақсы әсер етеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз