Қазақстан 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне өтті

0
145
фото: kff

Футзалдан Қазақстан құрамасы негізгі іріктеу кезеңінің соңғы ойынында Словениямен тең түсіп, топтан бірінші орынмен келесі айналымға жолдама алды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Марибор қаласында өткен ойын 3:3 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасынан Альберт Ақбалықов, Дәурен Тұрсағұлов және Тайнан көзге түссе, алаң иелерінен Жиго Чех, Игор Осредкар және Тео Турк мергендік танытты.

Қазақстан құрамасы 10 ұпаймен өз тобын бірінші орынмен аяқтады. Бұған дейін қазақстандықтар Словенияны 2:0, Черногория құрамасын 5:1 және 7:0 есебімен жеңген болатын.

Элиталық кезеңнің жеребе тарту рәсімі 5 шілде күні өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз