Жасанды көзді Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауылындағы №1 орта мектеп оқушылары ойлап тапқан. Дария Мұстафина мен Әмір Сайранов жобаларын Наурыз кездесулерінде Оқу-ағарту министріне таныстырды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
“Жасанды көзді үнді робототехнигі Канти Шарманың үлгісімен құрастырдық. Бұл жобаны жасауға өзіміздің сыныптасымыздың жағдайы түрткі болды”,– дейді оқушылар.
Әмір мен Дария жобаны 2 айда жүзеге асырған. Енді олар екінші көз протезін жасап, оны ми нейрондарымен байланысын зерттемекші.