Премьер-министр кандидатурасын Amanat партиясы ұсынады

0
150
Үкімет ғимараты.

Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы барысында премьер-министр кандидатурасын сайлауда көпшілік дауыс жинаған партия ұсынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау нәтижесі бойынша Amanat партиясы 53,9 пайыз дауыс жинап, айқын жеңіске жеткен еді. Ал, үкімет басшысы Әлихан Смайылов сайлау кезінде үкіметтің таратылатынын хабарлады. Енді жаңа үкімет басшысының кандидатурасын Amanat партиясы ұсынатын болады.

Оқи отырыңыз: Сайлау нәтижесі бойынша “Amanat-қа” 40, өзге 5 партияға 29 мандат берілді.

“Мен премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия мемлекет басшысына ұсынуға құқылы деп айттым. Осы ретте, саяси жауапкершілік те сол партияға жүктеледі. Бұл тәсіл «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасына сай келеді. Үкімет әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыруға тиіс. Болашақта Үкіметтегі және аймақтардағы басшылық қызметтерге түрлі партия өкілдерін тартқан жөн. Ол үшін саяси партиялардың кадрлық резервін жасақтауды ұсынамын”, – деді президент сөз сөйлеу барысында.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз