Жер бетіндегі әрбір төртінші адам таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр

0
220

Биыл 22 наурызда Дүниежүзілік су күнінде БҰҰ-ның 2023 жылғы су конференциясында Еуропалық аймақ елдері Сумен жабдықтау, санитария және гигиена саласында қауіпсіз және климатқа төзімді қызметтерді құру үшін хаттама құралдарын пайдалану тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Ranking-ке сілтеме жасап.

ДСҰ және БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) тек Еуропалық аймақта 16 млн-ға жуық адамның әлі де қарапайым ауыз суға қол жеткізе алмайтынын, 29 млн адамның санитарияның негізгі қызметтеріне қол жеткізе алмай отырғанын еске салды.

Су мәселесі тура мағынасында адамдарды өлтіріп жатыр. Мысалы, 2017 жылы жүргізілген зерттеу бойынша дүние жүзінде 1,2 млн адам су қауіпсіздігінің жоқтығынан қайтыс болған. Бұл мезгілсіз өлім саны кісі өлтіру санынан үш есе көп және жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санымен бірдей, деп хабарлайды Our World in data.

100 мың адамға шаққанда қауіпті су бір жылда 16,81 адамды өлтіреді. Африкада көрсеткіш 56,95, Оңтүстік-Шығыс Азияда — 43,92, Шығыс Жерорта теңізі аймағында — 19,57, Америкада — 1,83, Батыс Тынық мұхит аймағында — 1, Еуропа аймағында — 0,25.

2020 жылы қауіпсіз су көздеріне қолжетімді халықтың үлесі 74,27%-ды құрады, бұл бұрынғыдан жақсы болса да, әлі де аз. Салыстыру үшін: 2015 жылы бұл көрсеткіш жалпы әлем халқының 70,2%-ын, 2010 жылы — 65,76%-ын, 2005 жылы — 63,4%-ын, ал 2000 жылы — небәрі 61,73%-ын құрады.

Қауіпсіз су көздеріне қол жеткізудің ең жақсы көрсеткіштері Солтүстік Америка мен Еуропада тіркелді: халықтың 95,57%-ы. Батыс Азия мен Солтүстік Африкада бұл көрсеткіш небәрі 78,69%, Латын Америкасы мен Кариб бассейнінде — 75,38%, Орталық және Оңтүстік Азияда — 62,36% ғана. Сахараның оңтүстігіндегі елдерде бұл көрсеткіш өте төмен: мұндағы жалпы халықтың 30,03%-да ғана қауіпсіз суға қол жеткізді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз