Биыл 32 мектепке айыппұл салынды – министрлік

0
144
фото: Ақтөбе газеті

Жыл басынан бері білім беру қызметіне лицензия алмағаны үшін 32 мектепке айыппұл салынды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті білім беру ұйымдарына мониторинг жасап, 40 мектептің лицензиясыз жұмыс істегенін анықтады. Оның ішінде 30 мемлекеттік және 10 жекеменшік мектеп бар.

Лицензиясыз жұмыс істеген мектептердің дені Астана, Алматы қаласы мен Батыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Жетісу және Маңғыстау облысында. 32 мектепке қатысты әкімшілік іс қозғалып, лицензиясыз қызмет үшін айыппұл салынды. Оның 23-і мемлекеттік, 9-ы жекеменшік мектеп.

“Лицензияның жоқтығы мектептің сәйкестік тексеруінен өтпегенін немесе рұқсат алу үшін құжаттар тапсырмағанын білдіреді.Оннан аса мектепте санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды және төтенше жағдай актілері жоқ. Бұл балалардың денсаулығы мен жайлылығына қауіп тудыруы мүмкін.14 мектепте материалдық-техникалық база білім берудің заманауи талаптарына сай келмейді, білім беру инфрақұрылымы, білікті педагогикалық кадрлармен толық жабдықталмаған, ұйымдастыру жұмыстары да дұрыс жолға қойылмаған бұл білім беру сапасын кері әсерін тигізеді”, – деді комитеттің рұқсат беру саясаты басқармасының басшысы Жұлдыз Әуезханова.

Айта кетейік, лицензиясы жоқ мектеп білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды, яғни негізгі және жалпы орта білім туралы аттестатты бере алмайды. Лицензиясыз жұмыс істейтін барлық мектепке қатысты әкімшілік іс қозғалған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз