Украина жері соғыстан кейін экологиялық апатқа ұшырайды – Зерттеу

0
171

Украинадағы соғыста Еуропа, АҚШ және тағы басқа көптеген елдердің қару-жарақ, оқ-дәрілері қолданылды. Ол оқ-дәрілердің құрамында қорғасын, сынап және тротил бар. Енді соғыстан кейін улы ауыр металдар мен жарылғыш заттар топырақта ұзақ уақыт сақталады. Оның салдарын болжау мүмкін емес. Бұл сөзсіз жануарлар әлемі мен табиғат үшін кері әсерін тигізеді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі DW агенттігіне сілтеме жасап.

Ресей Украинада әскери базалармен бірге тұрғын үйлерді, өндірістік орындар мен энергетикалық объектілерді әуеден бомбалауын жалғастырып жатыр. Оның ішінде мұнай өңдеу зауыттары да қалыс қалмады. Мұнай өңдеу зауыттарының бомбалануына байланысты химиялық заттар жерге сіңіп жатыр. Одан бөлек химиялық уға толы оқ-дәрілер тағы бар. Токсикологтардың болжамы бойынша, мұның салдары сол жерде өскен жеміс, өсімдік, аң-құс немесе ауыз су арқылы адамның ішіне енумен аяқталады.

Дегенмен химиялық заттардың топырақта қалай әрекет ететіні және олардың адам денсаулығына қандай әсер етуі мүмкін екендігі туралы нақты ақпарат жоқ.

Reuters агенттігінің мәліметі бойынша, Украинада кем дегенде 10,5 миллион га ауылшаруашылық жері химиялық заттармен ластанған.


ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз