Экс-президенттен сұхбат алғаннан кейін журналист жұмысынан шығып кетті

0
150
Сол жақта оңға қарай: НТРК экс-журналисі Қадырбек Қошалиев және Қырғызстанның экс-президенті Құрманбек Бақиев; фото: сұхбаттан скриншот

Қырғызстанның Ұлттық телерадио хабарларын тарату корпорациясы (НТРК) журналисі Қадырбек Қошалиев, қашқын экс-президенттен сұхбат алғаннан кейін жұмысынан шығып кеткен, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі жергілікті БАҚ өкіліне сілтеме жасап.

НТРК мәліметі бойынша журналист өз еркімен жұмыстан шыққан. Себебі Қадырбек Қошалиев экс-президент Құрманбек Бақиевтен сұхбат алған. Сұхбаты 16 мамырда YouTube-арнада жарияланған. НТРК корпорациясы өз қызметкері Қадырбек Қошалиевтің қашқын президентпен сұхбатына байланысты ішкі тексеріс бастаған.

Құрманбек Бақиев 2005 жылдан 2010 жылға дейін Қырғызстан президенті болды. Ол, Асқар Ақаев үкіметіне қарсы “қызғалдақ революциясынан” кейін билікке келді. 2009 жылы Қырғызстан президенті қызметіне қайта сайланды. 2010 жылғы 7-15 сәуірдегі оппозиция революциясында елден кетіп, соңғы деректер бойынша қазір Беларусияда саяси эмиграцияда.

Әзірге телеарнадағы комиссияның қызметтік тексеру қорытындысы шықпаған. Жергілікті халық журналистің отставкаға кетуін талап еткен. Бішкекте сәуір төңкерісіне қатысушылар митингке шығып, Бакиевті тұтқындауды талап етті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз