ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерді Ақордада күтіп алды, деп хабарлайды kazaknews.kz ақпараттық-агенттігі.
Мемлекеттік сапар аясында екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге, көлік-логистикалық және энергетикалық қатынастарды дамытуға, сондай-ақ гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге байланысты келіссөздер жүргізіліп, бірқатар құжаттарға қол қойылады.
Франк-Вальтер Штайнмайер Маңғыстау облысына барып, өңірдің экономикалық әлеуетімен танысады, Қазақстан мен Германия университеттері ректорларының форумында сөз сөйлейді және Қазақстан-Германия инжиниринг институтының ашылуына және Svevind швед-герман компаниясының жасыл сутегі өндіретін зауытының сынама бұрғылау жұмыстарын бастау рәсіміне қатысады деп жоспарлануда.
Сонымен қатар екі ел басшылары қазақ-герман бизнес форумына қатысады.
ГФР Президентінің Қазақстанға сапары 19-21 маусым күндеріне жоспарланған.