Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

0
120

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерді Ақордада күтіп алды, деп хабарлайды kazaknews.kz ақпараттық-агенттігі. 

Мемлекеттік сапар аясында екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге, көлік-логистикалық және энергетикалық  қатынастарды дамытуға, сондай-ақ гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге байланысты келіссөздер жүргізіліп, бірқатар құжаттарға қол қойылады. 

Франк-Вальтер Штайнмайер Маңғыстау облысына барып, өңірдің экономикалық әлеуетімен танысады, Қазақстан мен Германия университеттері ректорларының форумында сөз сөйлейді және Қазақстан-Германия инжиниринг институтының ашылуына және Svevind швед-герман компаниясының жасыл сутегі өндіретін зауытының сынама бұрғылау жұмыстарын бастау рәсіміне қатысады деп жоспарлануда. 

Сонымен қатар екі ел басшылары қазақ-герман бизнес форумына қатысады. 

ГФР Президентінің Қазақстанға сапары 19-21 маусым күндеріне жоспарланған.  

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз