Оңтүстік Корея биыл шетелдік жұмысшыларға берілетін виза санын рекордтық деңгейге көтермек

0
184

Кеше Оңтүстік Кореяның Әділет министрі компаниялардағы жұмыс күшінің тапшылығын жеңу үшін жыл сайынғы квотаны 15 есе ұлғайтып, 30 000 адамға дейін жеткізетінін айтты, деп хабарлайды «Рейтер» агенттігі.

Оңтүстік кореялық жастар «қара жұмыс» істегісі келмейтіндіктен, Азиядағы төртінші ірі экономикалық өнеркәсіп және ауыл шаруашылық секторлары бос жұмыс орындарын толтыра алмай қиналып жатыр.

Сондықтан E-7-4 визалық бағдарламасы енгізілгеннен бері жыл сайынғы квоталар 2017 жылғы 300-ден 2022 жылы 2000-ға дейін өскен.

Биылғы өсім әлі де ең үлкен көрсеткіш болып табылады және ол өндіріс пен ауыл шаруашылығындағы білікті жұмысшылардың тапшылығын жоюға көмектеседі деп күтілуде.

Министрліктің хабарлауынша, сала өкілдерінің өтініштеріне орай визаға өтініш беру критерийлері де жеңілдетіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз