Бүкіл әлемдегідей Қазақстанда да цифрландыруға ерекше көңіл бөлінеді. Атап айтқанда, цифрлық форматтағы мемлекеттік қызметтер қазақстандықтар арасында өте танымал.
Соның ішінде зейнетақы жүйесі мен зейнетақы қорын цифрландырудың маңызы айқын, бұл уәкілетті органның іс-әрекетінің пайдаланудың қарапайымдылығына және ашықтығына тікелей әсер етеді. Мәселен, биыл небәрі төрт айда БЖЗҚ ЖЗШ туралы 8,3 млн анықтама берілді. Оның 97,3%-ы цифрлық форматта болды.
Жалпы, биылғы жылдың бірінші тоқсанында қор 9 млн-ға жуық қызмет көрсеткен. Оның 6,1 млн-ы электронды форматта, 2,2 млн-ы автоматты форматта, 468 мыңы жеке қабылдау арқылы. Яғни, барлық қызметтің 92%-дан астамы қашықтан көрсетілген.
Жалпы, БЖЗҚ-ның электронды қызметтерін бірнеше тәсілмен алуға болады. Цифрландыру процесінде жаһандық және өңірлік үрдістер мен танымал қызметтер ескерілген.
Нәтижесінде бірыңғай зейнетақы қорының қызметтерін төмендегі тәсілдер арқылы алуға болады:
- eGov.kz порталы (сайт және мобильді қосымша);
- БЖЗҚ-ның ресми сайты — сайтта жеке ақпараттардан бөлек қордың барлық қызметін және зейнетақы қорларын басқаруын көре аласыз (яғни, қор салымшылардың қаражатын қайда және қалай инвестициялағанымен таныса аласыз);
- Мобильді қосымша — қосымшаның функционалдығы салымшыларға өздерінің зейнетақы шотының жағдайы туралы, сондай-ақ қор қызметі туралы өзекті ақпаратты алуға мүмкіндік береді.