CZN Burak деген атпен танымал түрік аспазшысы және блогер Бурак Өздемир әкесін алаяқтық үшін сотқа берді.
Бурактың айтуынша, оның әкесімен қарым-қатынасы Түркияда болған жер сілкінісінен соң, баспанасынан айырылған адамдарға көмектескеннен кейін бұзылған. Әкесі Бурактың көмегіне тыйым салғысы келіпті. Әкесі мен баласы арасындағы келіспеушіліктен кейін әкесімен мейрамхана бизнесіндегі ынтымақтастығын тоқтатқысы келген. Әкесінің Стамбулдың Этилар ауданындағы мейрамхананың барлық құқығын шетелдік кәсіпкерге 41 миллион АҚШ долларына сатып жібергенін біліп, оны сотқа берген. Бұл талап арыздың алғашқы отырысы ағымдағы жылдың қыркүйек айында Чаглаян аудандық сотында өтеді.
Осы уақытта Бурак әлеуметтік желілер арқылы Стамбулда орналасқан барлық CZN Burak мейрамханаларының жұмысын тоқтатқанын жариялап, оның аты-жөні мен фотосуреттерін осы мейрамханалардан алып тастауды талап етті.
Әкесімен барлық қарым-қатынасын үзген Бурак гаражындағы көліктерін сатып, ақша жинап, өз мейрамханасын ашуды ұйғарды. Әлеуметтік желілер арқылы Ыстамбұлдағы «Vadistanbul Mall» сауда ойын-сауық орталығында CZN Burak мейрамханасын ашуға дайындық жүргізіліп жатқанын және бұл мейрамхана өзіне тиесілі болатынын хабарлады. Ыстамбұлда басқа филиал жоқ екенін баса айтқан Бурак Өздемир Дубай, Доха және Душанбедегі мейрамханалардың өз бақылауында екенін айтты.
Әрине, Бурактың әкесі Исмаил Оздемир Бурактың айыптауына үнсіз қалған жоқ.
«Ол жер сілкінісінен зардап шеккендерге шын жүректен емес, жарнама үшін көмек көрсетті. Анасына тартып, әкесіне жау болды. Мен оның әлеуметтік желілердегі парақшасын да аштым, 2 жыл бұрын Бурак есімі болған жоқ», – дейді Исмаил Оздемир.
Бурак Оздемир бұл оқиғаларға байланысты журналистердің сұрақтарына жауап беруден бас тартты.