Сирияның Африна аймағындағы Түркия әскерінің кез келген әскери операциясын Дамаск басқындық актісі ретінде қабылдайды. Бұл туралы Сирия Араб республикасының сыртқы істер министрі Фейсал Мекдад мәлімдеді.
Министрдің сөзінше, «сириялық әуе қорғанысы кез келген түрік тарабының мақсатын араб аспанында жойып жіберуге дайын. Жарты миллион сириялық күрдтер тұратын Африна аймағындағы жағдай шиеленісіп тұр», деп жазады Euronews.
Атап өтерлігі, Түркия түрік-сирия шекарасында мобилизация жасау мақсатын көздеп отыр, яғни Анкара Сирия аумағындағы Африна аймағында «Демократиялық одақ» және Халықтық қорғаныс күштері партияларының күрдтеріне қарсы операция жасауы мүмкін.