1-қыркүйектен бастап қандай оқушыларға тегін тамақ беріледі?

0
203
Photo: Depositphotos

Мемлекет басшысының тапсырмасымен мәдениет саласындағы мектеп оқушылары жаңа оқу жылының басынан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

Мәселен, 2023 жылға арналған республикалық бюджетті түзету кезінде интернатта тұрмайтын 1-4 сынып оқушыларын тамақтандыруға 84 млн теңгеден астам сомаға бюджет қолдау тапты.

Тегін ыстық тамақты кімдер ала алады:

1. К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған  (23,2 млн теңге, 110 бала).

2. А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған  (13,8 млн теңге, 230 бала).

3. Қазақ ұлттық хореография академиясы жанындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп (20,2 млн теңге).

4. Қазақ ұлттық өнер университеті жанындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат (27 млн теңге).

“Жас дарындарды қолдау – біздің министрлік үшін маңызды жұмыс бағыты. Әрине, мектептерді қолдау балаларға тегін тамақ беру арқылы ғана емес, сонымен қатар жаңа құралдарды сатып алу, мұғалімдерге қосымша төлемдер және басқа да шаралар арқылы жүзеге асырылады. Көктемде министр Асхат Оралов Алматының бірқатар шығармашылық оқу орындарына барып, нәтижесінде оларға 258 млн теңге бөлу туралы шешім қабылданды. К.Байсейітова атындағы және А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарына 161 млн теңге бөлінді. Оның ішінде оқушыларды ыстық тамақпен қамту да қарастырылды”, деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Арман Жүдебаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз