6 қыркүйекте Финляндия жаттықтырушысы Маркку Канерва пресс-конференция кезінде редакциямыздың тілшісі қойған сұраққа жауап берді.
Тілші, Канервадан Қазақстан футбол құрамасын қаншалықты зерттеп үлгергендерін және ұлттық құрамамыздан қай футболшылардан сескенетінін сұрады.
“Әрине, біз Қазақстанның өте мықты және қиын қарсылас екенін білеміз. Олар өз алаңында, стадионында жақсы ойнайды. Саптарында жақсы ойыншылар жеткілікті. Әсіресе, Бақтиер Зайнутдинов, Нұралы Әліп, Абат Айымбетов және Асхат Тағыберген. Сондықтан біз ертең қиын қарсыласпен ауыр ойын күтіп отырмыз”, – деп жауап берді Маркку Канерва.
Айта кетейік, 7 қыркүйекте футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы “Астана Аренада” Финляндия ұлттық құрамасын қабылдайды. Бұл, 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің бесінші ойыны. Қазіргі таңда Финляндия мен Қазақстан 9 ұпаймен топ басында тұр.