Тұмауды қалай алдын аламыз: Күзгі сақтық шаралары қандай болмақ?

0
115

Күз айларында жұқпалы тұмау кең етек алып, тиісінше дәрігерлердің де жұмысы еселене түседі. Әсіресе күннің бірде суып, бірде жылып, ауа райының қысқа күнде құбылуы тұмаудың өршуіне әкеліп соғады. Әрі осы уақытта жұқпалы аурулардан қалай сақтану керек екенін kazaknews.kz тілшісі жалпы отбасылық дәрігер, 15 жылдық тәжірибесі бар Амангүл Абдилмен сұхбаттасып, көптің көкейінде жүрген сұрақтардың жауабын білген едік.

Күз мезгілінде жалпы тұмауды қалай алдын алу керек?

– Негізі күз мезгілінде бірінші үй тазалығынан бастау керек. Мәселен, ауаны күн сайын тазартып отыру керек. Күнделікті салауатты өмір салтын ұстанып, жақсы тамақтануды ең бірінші орынға қойған дұрыс. Біріншіден, ауыз қуысын тұз бен шайып, қант қосылмаған шәй немесе жеміс-жидектен жасалған шырын ішу пайдалы.

Жалпы витаминдерді дәрігерлердің нұсқауынсыз қабылдауға бола ма?


– Зияны жоқ витамин болсын оны анализ тапсырмай қабылдауға болмайды. Бірақ, кішкентай балаларға бір жасқа толғанша витамин Д қабылдау керек. Ал бір жастан үш жасқа дейінгі балалар анализ тапсырып, дәрігерлердің нұсқауымен қабылдаған дұрыс.

Жұқпалы ауру мен вирустан ауырған адам қалай алдын алады?


– Жұқпалы аурумен ауырған балалар үй жағдайында жиі қолын жуып отыру керек. Судың температурасы да өте маңызды. Адамның салмағына қарап, көбірек су ішу керек. Уақытылы таза ауада бір сағат серуендеп, ми тынығу керек. Айта кету керек, ересек адамдарға мұрын қуысының тұзбен көбірек шаю абзал. Ал бүлдіршіндерді бұндай әдіске 3 жастан бастап үйрету керек.


Тағы да алдын алу шараларын төменде атап өтейік:
1. Бөлмені тазартып отыру;
2. Науқас адаммен байланыста болмауға тырысу;
3. Жеке гигиенаны дұрыс ұстау. Қолды жылы сумен әрі сабынмен жуу;
4. Көп адам жиналған жерде болмауға тырысу;
5. Дәрігерге уақытында қаралу керек.

Бақылау қалай жүреді?

– Жұқпалы аурумен ауырған балалар немесе үлкен кісілер болса, оларды үш күн бақылау керек. Кейін дәрігерге қаралып, витаминдерді қабылдаған дұрыс. Ескерте кетейік, антибиотикті бірден қабылдауға болмайды.

Айта кетейік, тұмау тез өрбиді және бірнеше күннен 2 аптаға созылуы мүмкін. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»,- деп ата – бабаларымыз бекер айтпаған. Жоғарыда айтылған дәрігердің сөзін күнделікті естіп жүрсек те практика жүзінде жүзеге асыруды ұмытпаған жөн. Келесі де денсаулыққа қандай тағам пайдалы екенін сіздерге бөлісетін боламыз.

Кұрметті оқырман, деніңіз сау болсын!

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз