Түрік әскерлері Сириядағы күрд жасақтарын шабуылдады

0
115

Түрік әскери әуе күштері Сирияның солтүстігінде орналасқан Африн күрдтеріне шабуыл жасады. Бұл қадам «Ислам мемлекетіне» қарсы күресте Америка Құрама Штаттары (АҚШ) пен Түркия арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуіне алып келуі бек мүмкін.

БиБиСи агенттігінің хабарлауынша, түрік әуе күштерінің F-16 ұшақтары Африн аумағындағы 108 нысанды бомбалап, ауыр зеңбіректермен атқылады. Соңғы мәліметке қарағанда күрдтердің «Халықтық өзін-өзі қорғау» тобының бекіністеріне 10-нан астам соққы берілген.

Аймақтағы ахуалдың нашарлауы Түркияның күрд жасағын қолдаушы АҚШ пен НАТО-дағы одақтастарымен тікелей қақтығысуына әкелуі мүмкін.

2012 жылдан бері Африн аумағында орныққан күрдтерді ығыстыруды мақсат ететін түрік билігі бұл операцияны «Зәйтүн сабағы» деп атады. «Зәйтүн сабағы» ежелгі мифтерде бейбітшіліктің белгісі болып саналады-мыс.

Бұған дейін «Сирияның шекара қауіпсіздігі күзеті» деп аталатын күшті құрған АҚШ «Түркияның бұл әрекеті аймақты тұрақсыздандырады» деп мәлімдеген болатын.

Еске сала кетейік, Сирияның сыртқы істер министрі Фейсал Мекдад Африн аймағындағы Түркия әскерінің кез келген әскери операциясын Дамаск басқындық актісі ретінде қабылдайтынын, сонымен қоса, сириялық әуе қорғанысы кез келген түрік әскери ұшақтарын аспанда жойып жіберуге дайын екенін мәлімдеген болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз